Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыру

Қостанай обылысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы» КММ

«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ 2020-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 5 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті – өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.

            Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.

            Оқушының әдеби салада қандай құзыреті болуы керек?

1. Жалпы мәдени-әдеби құзыреттілік – ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде әдебиетті қабылдау.

2. Әлемдік құндылықтар құзыреттілігі – әдебиетте бейнеленген осы  құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау және нақтылау мүмкіндігі құндылықтарды түсіну.

3. Оқырман құзыреттілігі – шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындысының тіл ерекшеліктерін түсіну.

4. Сөйлеу құзіреттілігі – қазақ әдеби тілінің нормаларын білу; сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру.

5. Әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу қабілеті.

«Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы»2024-2025 оқу жылында мектеп кітапхана қорына 78 әдеби және әлем әдеби кітаптар түссе, 3283 оқулықтар түсті.  Көркем әдебиет-17018, Оқулықтар-7422. Жалпы қор-24.440 кітаптар бар.

Білім алушылар толық оқулықтармен 100 % қамтамасыз етілді

Кітап беру-14921.

2024 жылы мектеп кітапханасына: Ақылды кітапхана бағдарламасы орнатылып, толықтай іске қосылып жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар үлкен экранды телевизор орнатылды. Кітапхананың директормен бекітілген өз жоспарлары бар. Жоспар бойынша іс-шаралар өткізіліп қортындылануда.

Кітапхана мақсаты: 

Оқушылар үшін: Білім беру бағдарламасының міндетті мазмұн деңгейін оқушылар меңгеруге бағытталған жағдай жасау, оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық тәрбие және дене шамасы, олардың жеке ерекшеліктері, мүддесі мен мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік, саламатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру.

Мұғалімдер үшін: Ұсынылатын қызмет түрінің сапасын арттыру мақсатында мұғалімнің кәсіби өсуін арттыру,оның жеке тұлғалық функциясын жүзеге асыру үшін жағдай жасау. 

Жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс «Барлық пәндер бойынша оқу», «Еркін оқу кеңістігі», «Кітап оқу өзін-өзі тану тәсілі ретінде», «Қазіргі отбасылық кітап оқу дәстүрлері», «Оқу уақыты» 5 бағыт бойынша жүргізілуде.

 Осы бағыттар бойынша іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.  

Оқушыларды кітаппен, мерзімді басылымдармен өз бетінше, дұрыс жұмыс істеуге үйрету, анықтамалық әдебиеттермен таныстыру, оны пайдалану жолдарын үйрету мақсатында жыл бойына кітапханалық-библиографиялық сабақтар өткізіледі.

Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов,  А.Құнанбаев, Анықтамалық әдебиет, Туған жерімнің жарығы, Сүйем сені, менің Қазақстаным!, Үш тілде сөйлейміз, Жүз сұрақ-жүз жауап сөрелер кітап көрмелері безендірілді.

2007 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты- қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау және қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  жалпы оқуға  Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары таңдалды.