Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау.

Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):   

  1. Өтініш
  2. Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
  3. Білімі туралы диплом.
  4. Қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса).
  5. Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа қалай алуға болады (қажетті құжаттар):

  1.  Өтініш.
  2.  Білімі туралы диплом.
  3. Қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса).
  4. Жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат.

Ескертпе:

Аттестаттау комиссиясы білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты және кәсіби жетістіктерін және жинақталуын растайтын құжаттарды білім басқармаларының және ҚР БҒМ-нің (ведомстволық бағынысты ұйымдардың) ресми сайттарында қарайды.
Білім алушылардың/тәрбиеленушілердің жетістіктерін растайтын құжаттарды (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК, ППТК, РО педагогтерін қоспағанда) аттестаттау комиссиясы білім басқармаларының және “Дарын” РҒПО-ның ресми сайттарында білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың тізбесіне сәйкес қарайды.