2021 жылғы 27 мамырда №28 мектеп-гимназиясының оқушылары Алматы қаласында орналасқан «Бөбек» Ұлттық Ғылыми-практикалық білім беру сауықтыру орталығынан оралды. Аталған Орталықта 7 жастан 15 жасқа дейінгі әлсіз, созылмалы ауруы бар,аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына, жетім балаларға, Қазақстан Республикасының экологиялық қолайсыз региондарының балаларына сауықтыру, қалпына келтіру және демалысын ұйымдастыру жүзеге асырылды.
№28 мектеп гимназиясынан 2 «а» сынып оқушысы Кіндікбай Нүрия мен 3 «ә» сынып оқушысы Мажит Ерболат жолданған болатын. Балалар «Бөбек» қорына жолданбас бұрын, өздерінің тұрғылықты жері бойынша терең медициналық тексеруден емханадан өткен болатын.
«Бөбек» қоры жыл сайын денсаулығының ақауы бар, емдеу-сауықтыруды қажет ететін балаларға көмек қолын созып, емшаралар жүргізіп отырады. Сонымен қатар мәдени шаралар да ұйымдастырылып, Көк төбеге, зообақтарға, спорт кешендеріне, кинотеатрлар мен музейлерге саяхаттар ұйымдастырды. Ата-аналар да, балалар да дән риза болып, ұйымдастырушылар мен мектеп ұжымына ризашылығын білдірді.