Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

Мектеп асханасына бракераждық бақылау нәтижесі

Оқу жылының басында ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы 598 бұйрығы негізінде бракераждық комиссияның мектепішілік бұйрық құрылды. Комиссия құрамына директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, мектеп медбикесі, әлеуметтік педагог және ата-аналар комитеттерінің төрайымдары енгізілді. 2025 жылдың 9 қазан күні комиссия мүшелері мектеп асханасындағы тағамдардың сапасына бақылау жүргізді. Асхана тағамдары ас мәзіріне сәйкес, жұмыс кестесі сақталған. Дайын өнімдердің сапасы жақсы. Буфеттің, асхананың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Асхана қызметкерлерінің біліктілік деңгейлері сәйкес, медициналық кітапшалары бар. Мектеп асханасында 1-4 сыныптарда 278 оқушы және әлеуметтік осал топ оқушыларынан 9 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.