“Северный” кітапхана-филиалында 28 мектептің 9 сынып оқушыларымен “Жас шекарашы” ӘПК негізінде “Шекара-ел қорғаны” атты іс-шарасы өтті. Іс-шара мемлекеттік әнұранды орындаудан бастау алды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының шекара тарихы, шекара қызметі бойынша ақпарат берілді, бейнеролик көрсетілді. Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға ғибратты әңгімелер айтты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Тақырып бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылады. Іс-шара “Атамекен” әнін орындаумен аяқталды.