Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫНА” ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!!!

2024 жылы “Мектепке жол” Республикалық акциясын өткізу туралы. Акция 01.08.2024-30.09.2024 жыл аралығында өтеді. “Мектепке жол” республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларлан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға нақты көмек көрсету болып табылады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
“Балам дейтін ел болса,елім дейтін бала болар” дей келе, мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпақтың салауатты, саналы болуы үшін жақсылық жасауға, игілікті істер атқаруға атсалысуларыңызды сұраймыз.