Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы бiлiм бөлiмiнің № 28 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілінде оқитын 1- сыныбына балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен 2024-2025 оқу жылына өтінішті 2024 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін қабылдауды жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде мектеп-гимназияның 1- сыныбына алты жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың құжаттары электронды түрде «SAKURA» электронды мектебі және ҚР электронды үкімет egov.kz. порталы арқылы қабылдау жүргізеді. Электронды түрде қабылдау жүргізу үшін ата-анасының немесе өзге заңды өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) болуы қажет.
Мектепке өтініш білдірген кезде баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі ұсынатын қажетті құжаттары мыналар:
- Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
- Жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
- «Профилактикалық екпелер картасы» ф-065/у және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
- 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті.
Мектеп-гимназияның мекен –жайы: Бородин көшесі, 138/1.
Байланыс телефоны: 87142374340, 87052290683
2024-2025 оқу жылына білім алушыларды мектепке қабылдау.
(гимназия, Жас сарбаз сыныптарына)
Сынып | Құжат қабылдау мерзімі (уақыты) | Құжаттар тізімі | Байланыс телефоны |
сынып | 01.04.2024– 31.08.2024 жыл (09:00-18:30) | 1.Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші; 2.Жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін); 3.«Профилактикалық екпелер картасы» №065/у және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар; 4.3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті. | Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 138/1 Байланыс телефоны 87142374340, ватсап нөмірі 87052290683; Мектеп сайтының сілтемесі https://kst28mg.kz/; Мектептің инстаграмм парақшасы 28mg_kostanai |
2024-2025 оқу жылына гимназия және «Жас сарбаз» сыныптарына білім алушыларды қабылдау.
- 5 гимназия сыныптары мен «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарына білім алушыларды қабылдау үшін конкурстық іріктеу өткізіледі.
- 5 сыныпқа конкурстық іріктеуден өту үшін 4 сыныптағы табельдерінің көшірмесі қажет.
Сынып | Құжат қабылдау мерзімі(уақыты) | Тестілеу мерзімі | Құжаттар тізімі | Байланыс телефоны |
5 гимназия, 5 «Жас сарбаз» сыныптары | 1 ағым 01.04.2024-15.05.2024 жыл (09:00-18:30) 2 ағым 01.08.2024-07.08.2024 жыл (09:00-18:30) | 1 ағым 20-21 мамыр 2024 жыл ағым 12 тамыз 2024 жыл | 1.Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші; 2.Жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін); 3. «Профилактикалық екпелер картасы» №065/у және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар; 4.3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті. | Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 138/1 Байланыс телефоны 87142374340, ватсап нөмірі 87052290683; Мектеп сайтының сілтемесі https://kst28mg.kz/; Мектептің инстаграмм парақшасы 28mg_kostanai |