Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

АТА-АНАЛАР  НАЗАРЫНА!

      Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы бiлiм  бөлiмiнің №28 мектеп-гимназиясы» КММ   2023-2024 оқу жылының  1 сыныбына балалардың ата-аналарынан  немесе  өзге  де  заңды  өкілдерінен  2023  жылдың  1  сәуірінен      

1 тамызына дейін өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.

           Мектеп-гимназияның 1 сыныбына  қабылдау  «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын  (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) негізге ала отырып , алты жасқа толған және  ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалардың құжаттары электронды түрде «SAKURA» электронды мектебі және  ҚР электронды үкімет egov.kz. порталдары арқылы қабылдау жүргізіледі.

 Мектепке өтініш білдірген кезде баланың ата-анасы немесе өзге де  заңды өкілдері ұсынатын  қажетті құжаттары мыналар:

  1. Баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін);
  3. Денсаулығы туралы анықтама (ф-065/е алдын ала егу картасы және ф-026/е «Баланың денсаулығы туралы паспорты»;
  4. 3х4 см көлеміндегі 2 дана фотосуреті.

     Мектеп-гимназияның мекен –жайы: Қостанай қаласы,  Бородин көшесі, 138/1.

Байланыс телефоны: 87142374340, Мектеп сайтының сілтемесі  https://kst28mg.kz/, Мектептің инстаграмм парақшасы 28mg_kostanai  

0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету