нәтижелілігін қадағалауына
анықтама
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 10-06-45/92 хаты негізінде, бірыңғай педагогикалық ұғыным негізінде отбасы мен мектептің тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруда ата-аналардың белсенді ұстанымын қалыптастыру, ата-аналар мен педагогтер ынтымақтастығының жаңа нысандарын енгізу мақсатында 2021-2022 оқу жылында 23 қыркүйекте №242 бұйрығы бойынша «Үндестік» жобасы іске асырылуда.
Жобаның мақсаты: отбасы мен білім беру ұйымының жайлы оқу-тәрбие алаңын құруға бағытталған әлеуметтік әріптестік қағидаттары мен шарттары негізінде жүйелі, кешенді, Үйлестірілген әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық ұзақ мерзімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Жобаның міндеттері:
1. Ата-аналарды мектеп қызметінің барлық салаларына белсенді тарту.
2. Ата-аналар білімін тепе-тең негізде ұйымдастыру: педагогтер-ата-аналар, ата – аналар-ата-аналар; отбасын педагогикалық сүйемелдеу (оқыту, консультация беру, тәрбие, ағарту мәселелерінде көмек көрсету және т.б.).
3.Өзара іс – қимыл нысандарын жетілдіру білім беру ұйымы-отбасы. Білім беру ұйымының тәрбие процесін ұйымдастырудағы отбасының рөлін күшейту.
4. Балалар мен жасөспірімдердің бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу, отбасыларда салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
5. Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың әлеуметтенуіне ықпал ететін жайлы қауіпсіз білім беру ортасын құру.
«Бір-бірімен кездесу» жобасы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Ғылыми-әдістемелік бағыт;
2. Диагностикалық-аналитикалық бағыт;
3. Алдын-алу бағыты;
4. Консультативті-ағартушылық бағыты;
5. Дамытушы бағыт.
Ата-аналармен өзара әрекеттесу формалары
Өзара әрекеттесудің ұжымдық, топтық және жеке формаларын біріктірген жөн.
Ұжымдық формалар: ашық ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекторийі, тәжірибе алмасу бойынша ата-аналар конференциясы, сұрақтар мен жауаптар кеші, тәрбие және оқыту мәселелері бойынша диспут-рефлексия, ата-аналардың педагогикалық ұжыммен «Ашық есік күндері» форматында кездесуі, «TEDx» форматында «Диалог» клубы, ата-аналардың қатысуымен шығармашылық шеберханалар, ата-аналардың өздері бастамашылық еткен іс-шаралар.
Жоба тиімділігінің критерийлері:
1. Білім беру ұйымына деген оң көзқарастың қалыптасуы, білім алушылардың, ата-аналар мен педагогтардың қанағаттану деңгейімен айқындалатын оны қабылдаудың беделі.
2. Ата-аналар білім беру ұйымы үшін өздері ұйымдастырған және өткізген іс-шаралардың саны мен сапасы (білім беру ұйымындағы білім алушылар санына қатысты іс-шаралар санының пайызы).
3. Ата-аналар қоғамдастығының іс-шараларға қатысу пайызы.
4. Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында құқық бұзушылықтардың, буллингтің, суицидтік жағдайлардың болмауы.
Отбасы мен білім беру ұйымының өзара іс-қимылы бойынша жобаны іске асыру барысында мынадай нәтиже болжанады:
1. Ата-аналардың, педагогтердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру;
2. Білім беру ұйымдарында ашық және қолжетімді әлеуметтік-педагогикалық жүйе құру арқылы ата-аналардың, балалар мен педагогтардың бірлескен өнімді іс-әрекет және оқуда, шығармашылықта және әлеуметтік Өмірде өзін-өзі табысты іске асыру тәжірибесін қалыптастыру.
3. Ата-аналармен бұқаралық іс-шаралар жүйесін құру, бірлескен қоғамдық маңызы бар қызметті ұйымдастыру бойынша жұмыс.
4.Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін күшейту.
5.Педагогтар мен ата-аналардың, сондай-ақ жұртшылықтың әлеуметтік серіктестігі үшін ақпараттық кеңістік құру.
6. Оқу – тәрбие қызметінің мазмұны мен нәтижелілігіне ата – аналардың қанағаттанушылығын арттыру (ата-аналардың сенім дәрежесі, ата-аналар тарапынан білім алушылардың үлгерімін бақылау, Ата-аналардың мектеп сұраныстарына реакциясының жоғары жылдамдығы және керісінше-ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуға дайындығы).
Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін жоба тиімділігінің өлшемдеріне сәйкес жоба бойынша жұмыс нәтижелерінің қорытындылары шығарылады. Осылайша, «Үндестік» облыстық жобасы-ата-аналар мен білім беру мекемесі ұжымының ынтымақтастығы идеясын жүзеге асыру, бірыңғай тәрбие алаңын құру; отбасымен әлеуметтік серіктестік жағдайында білім алушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған пәрменді және тиімді жұмыс.
Педагогикалық ұжымдармен оны зерделеу және енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырып, жоба бойынша жұмыс қорытындысын 1-2 жартыжылдық (желтоқсан, мамыр) айларында жобаны іске асырудына жүйелі жұмыс жасау.
Ұсынымдар:
-«Үндестік» облыстық жобасы бойынша жұмысты жандандыру (кездесулер, әңгімелесулер, сауалнама);
-ата-аналармен жоспарға сәйкес іс-шаралар бойынша жұмыс жүргізу;
– Жобаның іске асырылуын бақылау жүргізу.
Н.Ч.Байдильдаева директордың тәрбие ісі жөнініндегі орынбасары
Ата-аналардың мектеп өміріндегі маңызы орасан зор.
Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын жиналыс,тренингтердің маңызы орасан зор. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу мәселесі де талқылау мақсатында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жас ұрпақ бойына адамгершілік, шыншылдық мәдениетін сіңіру жолдарын жан-жақты талдау болды.
https://www.instagram.com/p/Cm_cfKut-w0/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Үндестік жобасы аясында Тәуелсіздік күніне орай өткізілген 1 “ә” мамандандырылған жас сарбаз сыныбының ата -аналары мен балалары арасында “Өнегелі отбасы” атты спорттық іс-шара болып өтті.
https://www.instagram.com/reel/Clm7cKVoy88/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Қазақ тілі және әдебиет бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткен “Үндестік” жобасы мен “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру шеңберінде “Мектеп, оқушы, ата-ана” көркем шығарманы талдау додасы арқылы 6″ә” сынып ата- аналары мен оқушылары және педагогтар топтық түрде Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым – Қожа” повесін талдау үстінде. Дода өте жоғары деңгейде өтті.
https://www.instagram.com/p/ClsTFNGj5C8/?igshid=MDJmNzVkMjY=
29.12.22 ж. “Оқуға құштар мектеп” бағдарламасы және “Үндестік” жобасы аясында мектебіміздің кітапханашы Гүлдер Рахимбековнаның ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары және ата- ана Раузия әжеймен ертегі оқып, мазмұнынын талдады.
https://www.instagram.com/p/ClkqSvqt1iW/?igshid=MDJmNzVkMjY=
Қарттар күніне орай 3 “а” сыныбында “Қарияларым- асыл қазынам” атты мерекелік іс-шара “Үндестік” жобасын іске асыру бойынша ата- әжелерді құрметтеп, концерттік бағдарлама өтті.
https://www.instagram.com/p/CjOJXAxLuQP/?igshid=MDJmNzVkMjY=
«Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жөнінде Іс Жоспарын» орындау барысында, «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшелерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 3 ақпан күні «Тіл – рухани қазына» тақырыбында кездесу Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы бiлiм бөлiмiнің № 28 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастау алды.
Кездесу мақсаты: Оқушыларға тіл құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың рухани болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу болғандықтан, кездесу барысында жазушы Әбутәліп Әмірұлы «Тіл жанашырлары» жұмыс тобының жоспарлары мен жалпы қоғамда ана тілін білу және меңгеру қажеттілігі туралы айтты.
Кездесуге жазушы, журналист Оразалы Жақсанов, ақын-термеші Қыдырбек Қиысқан, «Қазақ тілі» қоғамы Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Заңғар Санай, журналист Асылан Қанғожин, Ы.Алтынсарин музейінің директоры Марғұлан Оспанов, жазушы, драматург Абылай Мауданов, жазушылар Дәулет Жадырасын және Жандос Жүсіпбек қатысып, қазақтың ән-күйлерін орындап, ана тілді дамыту мен қолданыс аясын кеңейту жөнінде ортаға ой – пікірлерін салды.
Мектебіміздің оқушылары жас ақын-жазушылар өлеңдерін жатқа айтып, мектебіміздің музыка пән мұғалімі Абдибеков Марғұлан Назарұлы мен аға тәлімгер Жылқайдарова Жұлдыз Бақытқызының орындауында әдемі патриоттық ән орындалды. Меткебіміздің қамқоршылық кеңес төрағасы және ата-аналар осындай тағлымды да, өнегелі жиындардың жиі өткізілуі, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі – өнеге ретінде тәлім-тәрбие беретін рухани азық екенін айтып, тілек білдірді.
«Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл» -деп, Қазақстан халық жазушысы Қадыр Мырза Әли атамыздың қанатты сөзінің түп тамыры тереңде жатыр.
https://www.instagram.com/p/CoUZamxNL6q/?igshid=MDJmNzVkMjY=