Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 110000, Қостанай қаласы, Бородин көшесі 138/1, анықтама үшін телефондар: 8 (7142)374340, электрондық мекен-жайы: shg28@kst-goo.kz

Бастауыш сынып мұғалімі, логопед мұғалімінің бос және уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды мөлшерлемесі 1 ставка (16 сағат) – бос лауазым;

Лауазымдық міндеттері: 

       Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және “Құндылықтарға негізделген білім беру” тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.

         Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.

         Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.

         Электронды журналдарды толтырады.

         Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.

         Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

         Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.

         Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.

         Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

         Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.

         Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.

         Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

         Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

         Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.

         Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

         Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.

       Білім беру ұйымдарында “Құндылықтарға негізделген білім беру” тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

         Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

        Білуге тиіс:

         Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 151 307 теңгеден бастап.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілік талаптары: жоғары білім, біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы,  педагог-модератор, ағылшын  тілінде сабақ беру тәжірибесінің болуы (IELTS 7.0-7.5), жаңартылған мазмұнда білім беру сертификатының болуы.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 12 қыркүйектен 2022 жылғы 22қыркүйекке дейін жүзеге асырылады

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

     Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мына мекенжай бойынша: Қостанай қаласы Бородин көшесі, 138/1, директордың қабылдау бөлмесі, анықтама телефоны: 8 (7142)374340;

2) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы»коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3) веб-портал «электрондық үкімет».    

Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
10-қосымша
 
 Нысан
 ____________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік
орган
 

      ____________________________________________________________________

      кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, жұмыс орны)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

      ____________________________________________________________________

      білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

      ____________________________________________________________________

      лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауыОқу кезеңіДиплом бойынша мамандығы
Жүктеу

      Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):____________________________
      Педагогикалық жұмыс өтілі:________________________________________________
      Келесі жұмыс нәтижелерім бар:_____________________________________________
      Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
      _________________________________________________________________________

 Мемлекеттік білім беру
ұйымдарының бірінші
басшылары мен педагогтерін
лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату
қағидаларына
11-қосымша
 Нысан

Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы ____________________________________________________________ (Т.Ә.А. (болған жағдайда))

ӨлшемшарттарРастайтын құжатБалл саны
(1-ден 20-ға дейін)
1.Білім деңгейіБілімі туралы дипломТехникалық және кәсіптік = 1
Жоғары күндізгі = 5
жоғары сырттай / қашықтықтан оқыту = 2
жоғары білім туралы үздік диплом = 7
2.Ғылыми / академиялық дәрежесіБілімі туралы дипломМагистр немесе жоғары білімі бар маман = 5
PHD-докторы = 10
Ғылым докторы = 10
Ғылым кандидаты = 10
Ұлттық біліктілік тестілеуіСертификат«Педагог» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60-қа дейін = 0 балл
60-тан 70-ке дейін = 2 балл
70-тен 80-ге дейін = 5 балл
80-нен 90-ға дейін = 6 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40-қа дейін = 0 балл
40-тан 50-ге дейін = 1 балл
50-ден 60-қа дейін = 2 балл
60-тан 70-ке дейін = 3 балл
«Педагог-модератор» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін = 0 балл
60-тан 70 балға дейін = 3 балл
70-тен 80 балға дейін=6 балл
80-ден 90 балға дейін=7 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=2 балл
50-ден 60 балға дейін=3 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
«Педагог-сарапшы» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін=4 балл
70-тен 80 балға дейін=7 балл
80-нен 90 балға дейін=8 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40-тан 50 балға дейін=3 балл
50-ден 60 балға дейін=4 балл
60-тан 70 балға дейін=5 балл
«Педагог-зерттеуші» біліктілік санатымен
Мазмұны бойынша:
50-ден 60 балға дейін=0 балл
60-тан 70 балға дейін- 5 балл
70-тен 80 балға дейін=8 балл
80-нен 90 балға дейін=9 балл
Әдістеме және педагогика бойынша:
30-дан 40 балға дейін=0 балл
40 – тан 50 балға дейін=4 балл
50-ден 60 балға дейін=5 балл
60-тан 70 балға дейін=6 балл
«Педагог-шебер» біліктілік санатымен – 10 балл
3.Біліктілігі/Санаты.Куәлік, өзге де құжат2 санат-1 балл
1 санат -2 балл
Жоғары санатты-3 балл
Педагог-модератор-3 балл
Педагог-сарапшы = 5 балл
Педагог- зерттеуші = 7 балл
Педагог-шебер = 10 балл
4.Педагогикалық қызмет өтіліеңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжат0 жылдан 3 жылға дейін = 1
3 жылдан 5 жылға дейін = 1,5
5 жылдан 10 жылға дейін = 2
10 жылдан және одан артық = 3
5.Әкімшілік және әдістемелік қызмет тәжірибесіеңбек кітапшасы / еңбек қызметін алмастыратын құжатәдіскер= 1 балл
директор орынбасары= 3 балл
директор = 5 балл
6.Жұмысқа алғаш кіріскен педагогтар үшінБілім туралы дипломға қосымшаПедагогикалық/кәсіптік практика нәтижелері
«өте жақсы» = 1 балл
«жақсы» = 0,5 балл
7.Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде)ХатОң ұсыныс хаттың болуы = 3 балл
Ұсыныс хат болмаған жағдайда – минус 3 балл
Теріс ұсыныс хаттың болуы = минус 5 балл
8.Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері– білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары;
– мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары;
– мемлекеттік награда
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-0,5 балл
ғылыми жобалар-1 балл
олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері-3 балл
«Үздік педагог» конкурсының қатысушысы-1 балл
«Үздік педагог» конкурсының жүлдегері – 5 балл
медаль «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» – 10
9.Әдістемелік қызмет– авторлық жұмыстар және жарияланымдарҚР БҒМ тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы – 5 балл
РОӘК – 2 тізбесіне енгізілген оқулықтардың және (немесе) ОӘК авторы немесе тең авторы
БҒССҚЕК, Scopus – 3 тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы
10Қоғамдық-педагогикалық қызмет– көшбасшылық
– көптілділікті жүзеге асыру
тәлімгер-0,5 балл
ӘБ жетекшілігі -1 балл
кәсіби-педагогикалық қауымдастық көшбасшысы – 1 балл
2 тілде оқыту, орыс/қазақ – 2 балл
Шетел/орыс, шетел/қазақ – 3 балл
3 тілде оқыту (қазақ, орыс, шетел) – 5 балл
11Курстық дайындық– пәндік дайындық сертификаттары;
– цифрлық сауаттылық сертификаты,
ҚАЗТЕСТ,
IELTS;
TOEFL;
DELF;
Goethe Zertifikat, «Python-да бағдарламалау негіздері», «Microsoft-пен жұмыс істеуді оқыту» бағдарламалары бойынша оқыту
НЗМ ПШО, «Өрлеу» курстары
– 0,5 балл
курстар – 0,5 балл (әрқайсысы жеке)
Барлығы:Максималды балл – 83Жүктеу

0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету