Ата-аналар назарына.
«Жазғы мектеп-2022»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» № 159 бұйрығын, «2021-2022 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын және «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» нұсқалық-әдістемелік хатты негізге ала отырып, 26 мамырдан 17 маусымға дейін білім сапасын арттыру және негізгі пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 1-8 және 10-сыныптар мен 9-сыныптардың (қалауы бойынша) білім алушылары үшін Жазғы мектеп жұмыс істейтін болады.
Жазғы мектепке қабылдау тегін негізде. Барлық оқушылар үшін сабақтарды ұйымдастыру. Білім алушылардың сабаққа еркін формада қатысуына жол беріледі. Икемді сабақ кестесімен жүзеге асады.
Баланың жазғы мектепке баруы қажет, бірақ егер күтпеген жағдайлар туындаса, онда жазғы мектеп туралы түпкілікті шешімді ата-аналардың өздері/заңды өкілдері мен мектеп оқушылары қабылдайды.
Кадрлық қамтамасыз ету. Педагогтерге сабақ жүргізгені үшін қосымша қаржыландыру талап етілмейді – педагогтер ағымдағы оқу жылына бекітілген жүктеме шеңберінде жұмыс істейді.
Жұмыс түрлері: оқу сабақтары, жобалық қызмет, зерттеулер, Зертханалық жұмыстар, таза ауадағы сабақтар, өлкетану зерттеу экспедициялары, мұражайларға, туған өлкенің көрікті жерлеріне бару экскурсиялары және т.б.
Жұмыстың әдістері мен тәсілдерін – оқушылардың жас және жеке қабілеттеріне байланысты мұғалімдер дербес анықтайды.
Қажет болған жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша жеке, топтық сабақтар ұйымдастырылады.
Бағалау- негізгі пәндер бойынша сабақтар ең маңызды және күрделі оқу тақырыптарын қамтиды. Жазғы мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді. Балалардың эмоционалдық көңіл-күйіне назар аудару және оқуға қолдау көрсету.
Ресурстар: Сабаққа дайындық кезінде педагог оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуі керек.
Білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ұсынылады.
Оқу материалының мазмұны оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырылған шешімдер қабылдау, оларды дәлелдеу, ақпаратпен жұмыс істеу, талдау, салыстыру, қорытындылау біліктерін дамытуға бағытталуы тиіс.
Жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі нашар білім алушыларға педагогикалық қолдау көрсету ұсынылады. Қажет болған жағдайда жеке сараланған тапсырмалар әзірлеу керек.
Сыни ойлауды дамытуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, интерактивті оқыту әдістемелерін (жобалар әдісі, пікірталас, ойын, іздеу әдістері) қолдануға, таза ауада сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған жағдаяттық міндеттерді пайдалану ұсынылады.
СанПин талаптары бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау:
Топтардағы/ сыныптардағы толымдылық – 25 адамнан аспауы тиіс. Топтармен сабақтар өткізуге рұқсат етіледі.
Оқу пәндері бойынша сабақтың ұзақтығы – 40 минут, күніне 3-4 сабақ.
Оқу процесін жүзеге асыру үшін волонтер студенттерді тартуға рұқсат етіледі.
Кестеге балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық кітап оқуды қосу ұсынылады. Кітаптарды топтық талқылау, түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау арқылы оқу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар, қозғалмалы ойын спорт түрлері: волейбол, футбол, баскетбол және т.б. бойынша сабақтар ұйымдастырады.
Педагог-психологтер психологиялық тренингтер ұйымдастырады, сынып жетекшілері, тәрбиешілер түрлі дамытушы тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді.
Оқу материалының мазмұны оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырылған шешімдер қабылдау, оларды дәлелдеу, ақпаратпен жұмыс істеу, талдау, салыстыру, қорытындылау біліктерін дамытуға; танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын қолдануға, PISA оқу тапсырмаларын және оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін пайдалануға бағытталуы тиіс.
Білім беру процесіне қатысушылардың функциялары
Мектеп директоры:
– бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жазғы мектептің қызметін үйлестіреді;
– жазғы мектептің тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек функцияларын бөледі;
– оқу процесін ұйымдастыру және санитарлық норма ережелерін сақтау бойынша әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да қызметкерлермен нұсқаулық жүргізеді;
– жазғы мектептің жұмысын бақылайды.
Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары:
- Жазғы мектеп қызметін ұйымдастырады;
– барлық тілек білдірген білім алушылардың ата-аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдайды;
– оқу жетістіктерін бағалауды талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижесі бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады;
– оқу пәндері бойынша, құрылған топтарды немесе сыныптарды ескере отырып, сабақ кестесін жасайды;
– педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдау мен санын талқылауды ұйымдастырады;
– педагогтер, психологтер, оның ішінде волонтер студенттер үшін консультациялар ұйымдастырады;
– бекітілген жұмыс жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін ұйымдастырады;
– білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және педагогтердің жұмысына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
– білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау үшін жазғы мектеп жұмысының нәтижелері бойынша салыстырмалы талдамалық анықтама дайындайды.
Педагогтер:
– жыл бойы оқу жетістіктерінің нәтижелеріне талдау жүргізеді, білім алушылардың пәндік білім деңгейіне диагностика жүргізеді және қорытындысы бойынша білім алушылардың сараланған топтарын/ сыныптарын қалыптастырады;
– білім алушылардың және олардың ата-аналарының/заңды өкілдерінің назарына баланың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы ақпаратты және білімдегі олқылықтарды жою бойынша жазғы мектептің жұмыс жоспарын жеткізеді;
– білімдегі олқылықтарды ескере отырып, оқу процесін бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады;
– құпиялылық режимінен шыққан PISA оқу тапсырмаларын және оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқу материалын бекіту үшін) пайдалана отырып, бекітілген жоспар мен кестені ескеріп, оқу процесін іске асырады;
– жазғы мектепте сабаққа қатысу есебін өз бетінше жүргізеді;
– білім алушылар үшін жеке консультациялар өткізеді;
– білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша өз пәні бойынша жазғы мектепті аяқтау қорытындылары бойынша салыстырмалы талдау жүргізеді, ол келесі оқу жылында оқу процесін құру үшін негіз болады.
Мектеп психологтері:
– білім алушыларды психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді;
– білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар өткізеді;
– психологиялық тренингтер өткізеді.
Сіздердің назарларыңызды оқу жетістіктеріне мониторинг және педагогтердің жұмысына ағымдағы бақылау жүргізілуіне аударамыз. Осыған байланысты, білім басқармасына апта сайын мына формада (былтырғы үлгіде) бойынша толтырылған кестені тапсыру қажет.
Жазғы мектепті ұйымдастыру
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында әзірленді.
2. Жазғы мектеп орта білім беру ұйымының базасында 2022 жылғы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық білім алушылар үшін жұмыс істейді.
3. Осы Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта берілген.
2-тарау. Жазғы мектептің жұмысын ұйымдастыру
4. Жазғы мектепте оқыту:
– 1-8,10 сыныптағы білім алушыларға;
– 9-сынып бітірушілерінің қалауы бойынша.
Жазғы мектептегі сабақтар қашықтан білім алған білім алушылар үшін ерекше маңызды.
Жазғы мектеп жағдайында үлгерімі төмен білім алушыларға күрделі пәндерді (күрделі тақырыптарды) игеруге көмектесу маңызды.
5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары жазғы мектепті сапалы ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.
6. Орта білім беру ұйымдарында жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітіледі.
Оқу жұмыс жоспарын педагогтер меңгерілуі күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, кіші бөлімдер мен оқу мақсаттарын, диагностика нәтижелерін ескере отырып жасайды («Оқу пәндері бойынша ұсынылған тақырыптар» қосымшасы).
7. Жазғы мектептердің топтары/сыныптары оқу жылы ішінде педагогтер анықтаған білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижелері негізінде қалыптастырылады.
8. Кесте құрылған топтарды / сыныптарды ескере отырып жасалады.
9. Жұмыстың нысандары мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.
10. Орта білім беру ұйымы ауысымдар бойынша білім алушылардың санын, оқу пәндері мен жеке консультацияларды дербес айқындайды. Қажет болған жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылады.
11. Жазғы мектеп білім алушыларының оқу жетістіктері бағаланбайды.
12. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
13. Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
14. Сабаққа дайындық кезінде педагог оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуі керек.
15. Білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ұсынылады.
16. Оқу материалының мазмұны оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырылған шешімдер қабылдау, оларды дәлелдеу, ақпаратпен жұмыс істеу, талдау, салыстыру, қорытындылау біліктерін дамытуға бағытталуы тиіс.
17. Жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі нашар білім алушыларға педагогикалық қолдау көрсету ұсынылады. Қажет болған жағдайда жеке сараланған тапсырмалар әзірлеу керек.
18. Сыни ойлауды дамытуға, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға, интерактивті оқыту әдістемелерін (жобалар әдісі, пікірталас, ойын, іздеу әдістері) қолдануға, таза ауада сабақтарды ұйымдастыруға бағытталған жағдаяттық міндеттерді пайдалану ұсынылады.
19. Сабақ өткізу кезінде педагог:
– балалардың эмоционалдық көңіл-күйіне назар аударуы және оқуға қолдау көрсетуі;
– сабақта білім алушылардың шамадан тыс жүктемесіне жол бермеуі;
– қажет болған жағдайда, физикалық жаттығулар жасау.
20. Білім алушылардың сабаққа еркін формада қатысуына жол беріледі.
21. Топтардағы/ сыныптардағы толымдылық – 25 адамнан аспауы тиіс. Топтармен сабақтар өткізуге рұқсат етіледі.
22. Оқу пәндері бойынша сабақтың ұзақтығы – 40 минут, күніне 3-4 сабақ.
23. Оқу процесін жүзеге асыру үшін волонтер студенттерді тартуға рұқсат етіледі.
24. Негізгі пәндер бойынша сабақтар оқу жылының ең маңызды тақырыптарын қамтиды.
25. Кестеге балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық кітап оқуды қосу ұсынылады. Кітаптарды топтық талқылау, түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау арқылы оқу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
26. Дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар, қозғалмалы ойын спорт түрлері: волейбол, футбол, баскетбол және т.б. бойынша сабақтар ұйымдастырады.
27. Педагог-психологтер психологиялық тренингтер ұйымдастырады, сынып жетекшілері, тәрбиешілер түрлі дамытушы тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді.
28. Сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру, мұғалімнің жетекшілігімен шығармашылық, тиімді, функционалды идеяларды жүзеге асыру үшін балаларды (міндетті түрде бір сыныптан емес, жалпы қызығушылықтарына қарай) жобалық жұмысқа тарту ұсынылады.
29. Күннің соңында қызығушылықтар бойынша ойындар, фильмдерді бірлесіп қарау, жобаларды талқылау және т.б. өткізіледі.
3-тарау. Білім беру процесіне қатысушылардың функциялары
30. Орта білім беру ұйымының басшысы:
– мектеп түрін (лицей, гимназия, жалпы білім беретін мектеп) ескере отырып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жазғы мектептің қызметін үйлестіреді;
– жазғы мектептің тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек функцияларын бөледі;
– оқу процесін ұйымдастыру және санитарлық норма ережелерін сақтау бойынша әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да қызметкерлермен нұсқаулық жүргізеді;
– жазғы мектептің жұмысын бақылайды.
31. Орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары:
– барлық тілек білдірген білім алушылардың ата-аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдайды;
– оқу жетістіктерін бағалауды талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижесі бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады;
– оқу пәндері бойынша, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушыларға білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін құрылған топтарды немесе сыныптарды ескере отырып, сабақ кестесін жасайды;
– педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдау мен санын талқылауды ұйымдастырады;
– педагогтер, психологтар, оның ішінде волонтер студенттер үшін консультациялар ұйымдастырады;
– бекітілген жұмыс жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін ұйымдастырады;
– білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және педагогтердің жұмысына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
– білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау үшін жазғы мектеп жұмысының нәтижелері бойынша салыстырмалы талдамалық анықтама дайындайды.
32. Педагогтер:
– жыл бойы оқу жетістіктерінің нәтижелеріне талдау жүргізеді, білім алушылардың пәндік білім деңгейіне диагностика жүргізеді және қорытындысы бойынша білім алушылардың сараланған топтарын/ сыныптарын қалыптастырады;
– білім алушылардың және олардың ата-аналарының/заңды өкілдерінің назарына баланың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы ақпаратты және білімдегі олқылықтарды жою бойынша жазғы мектептің жұмыс жоспарын жеткізеді;
– білімдегі олқылықтарды ескере отырып, оқу процесін бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады;
– құпиялылық режимінен шыққан PISA оқу тапсырмаларын және оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқу материалын бекіту үшін) пайдалана отырып, бекітілген жоспар мен кестені ескеріп, оқу процесін іске асырады;
– жазғы мектепте сабаққа қатысу есебін өз бетінше жүргізеді;
– білім алушылар үшін жеке консультациялар өткізеді;
– білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша өз пәні бойынша жазғы мектепті аяқтау қорытындылары бойынша салыстырмалы талдау жүргізеді, ол келесі оқу жылында оқу процесін құру үшін негіз болады.
33. Мектеп психологтері
– білім алушыларды психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді;
– білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар өткізеді;
– психологиялық тренингтер өткізеді.
Бекітемін
Мектеп директоры ____________
А.А.Казиева
20 мамыр 2022 жыл
2022 жылғы 26 мамыр мен 17 маусым аралығындағы кезеңде
Жазғы мектеп жұмысының жоспары
Мақсаты: білім сапасын арттыру және пандемия, шектеу шаралары кезеңінде жіберілген біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру.
№ | Іс – шаралар | Мерзімі | Жауаптылар |
1 | Пед.кеңес. Күн тәртібінде: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі «2021-2022 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» № 159 бұйрығымен таныстыру.Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру. БҒМнің «Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру» ұсыныстары берілген таныстырылымы. Оқушылар біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында практикалық жұмыс үшін пән бойынша қиын бөлімдердің, тақырыптардың тізімі. | 27 сәуір | Пед.кеңес Ж.Т.Орынбаева Ж.Б.Исмайлова |
Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру бойынша мектепішілік бұйрық шығару. | мамыр | Мектеп директоры А.А.Казиева | |
2 | Оқушылар мен ата – аналарына Жазғы мектептің ашылу мақсаты мен жұмысы жөнінде ақпараттық – түсіндіру жұмысын жүргізу. | 12-14 мамыр | Сыныптарды үйлестіруші орынбасарлар, сынып жетекшілері |
Үлгерімі төмен оқушылар және ата – аналарымен жазғы мектепте оқудың қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізу. | 13-20 мамыр | Сынып жетекшілері | |
4 | Жазғы мектептің жұмыс жоспарын құру және бекіту. | 20 мамыр | Ж.Т.Орынбаева Ж.Б.Исмайлова |
6 | Жазғы мектепке ата – аналардың немесе заңды өкілдердің өтінішін жинау. | 13-17 мамыр | Сынып жетекшілері |
7 | Сыныптарды жинақтау, оқушылардың тізімін құру және бекіту. | 20 мамыр | Ж.Т.Орынбаева Ж.Б.Исмайлова |
8 | Әдістемелік бірлестік отырысы. Күн тәртібінде: 1. Оқушылар біліміндегі олқылықтарды жою мақсатында практикалық жұмыс үшін пән бойынша қиын бөлімдердің, тақырыптардың тізімін талқылау. 2. Жазғы мектепке ҰМЖ, ҚМЖ жоспарын қарастыру, келісу. | мамыр | Бастауыш сынып, тілдер циклының, математикалық – жаратылыстану, қоғамдық – гуманитарлық ӘБ жетекшілері |
9 | Әдістемелік кеңес отырысы: 1. Пәндер бойынша қиын тақырыптарды таңдау және олардың саны туралы талқылау.2. Оқытудың оптималды әдістері мен тәсілдерін таңдау.3. Бірлескен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құру.4. Оқушыларға жеке кеңес беру.5. Негізгі пәндер бойынша консультациялар, оның ішінде педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттерін тарта отырып. 6. PISA тапсырмаларын белсенді қолдану. 7. Оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту. 8. Электрондық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.9. Математикада күрделі алгоритмдерді қолданудың орнына тәжірибеге бағытталған тәсілдерді іздестіру арқылы күрделі есептерді шешуге арналған әдістерді қолдану. 10. Мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау (тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу). 11. Тәжірибелік тапсырмаларды орындау. | мамыр | Ж.Т.Орынбаева Ж.Б.Исмайлова Г.Б.Шамшина ӘБ жетекшілері |
10 | Пәндер бойынша ҰМЖ, ҚМЖ құру. | 20 мамыр | Пән мұғалімдері |
11 | Сабақ жоспарын құру, бекіту. | 20 мамырға дейін | Ж.Т.Орынбаева Ж.Б.Исмайлова |
13 | Сабақ кестесін сыныптарға, ата – аналарға тарату. | 25 мамырға дейін | Сынып жетекшілері |
Жазғы мектепке келген уақытта санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру бойынша ата-аналарға түсіндіру. | 25 мамырға дейін | Сынып жетекшілері | |
14 | Пәндер бойынша ҰМЖ, ҚМЖ жоспарларын бекіту. | 24 мамыр | Мектеп директоры А.А.Казиева |
15 | Әкімшілік мүшелерінен, педагог қызметкерлер және тех.қызмет көрсететін қызметкерлерден төмендегілерді қамтамасыз ету үшін кезекшілік кестесін құру:1. Санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау.2. Сыныптарды, дәліздерді дымқыл тазалау, ауаны желдету, кварцтау. | 26.05 – 19.06 | Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары |
16 | Жазғы мектеп жұмыс жоспарын мектептің ресми сайтында, Facebook, Instagram | 25 мамырға дейін | Н.Ч.Байдилдаева |
17 | Жазғы мектеп жұмысының талдауы | Тамыз 2021 жыл | Пед.кеңес Ж.Т.Орынбаева Ж.Б.Исмайлова |