Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

МЕКТЕПТЕГІ ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБА

«Community Service» пәнін оқу аясында «6В01502-Физика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері 2020 жылдың 17 ақпанында «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы» ММ 7 «А» (жас сарбаз) сыныбында «Архимед заңын зерделеу» атты зертханалық жұмысты өткізді. Сабақ өткізу үшін Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-нің физика-математика пәндері кафедрасының «Физика кабинетіндегі» құралдар қолданылды.

Сабақты ұйымдастыру және оқушыларды топтарға бөлу үшін «Молекулалар» сергіту сәті қолданылды. Студенттер ФМД кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Нупирова А.М. және физика мұғалімі Көптілеу М.А. жетекшілігімен жұмыс істеу үшін қолданылатын құралдар туралы айтып, мензурка және динамометр шкаласының бөліну бағасын анықтауға, оқушыларға өлшеу және есептеу жүргізуге көмектесті. Жұмыс соңында оқушылар алдын ала дайындалған парақшадағы кестені толтырды, және өз бетінше қорытынды жасады.

 

Студенттер үшінші және төртінші тоқсан бойы осы сыныпта зертханалық жұмыстарды жүргізуде волонтерлік көмек көрсетуді жоспарлап отыр, бұл ЖОО мен мектептің қарым-қатынасына ықпал етеді.






0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету