17-27 қаңтар аралығында мектебімізде математика, информатика, физика, химия мен биология онкүндігі өтті. Апталық 5-6 сынып оқушыларының пәндер бойынша қызықты тақпақ мен өлеңдерімен басталды. 21.01-нде информатика пәні мұғалімі Шажабаева Ж.С 6 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабағында әртүрлі жоғары дәрежелі технологияларды қолданып, қызықты өткізді. Сонымен қатар, математика, физика, химия биология пәндерінен де ашық сабақтар өткізілді. 6-8 сыныптарға математика пәнінен сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. 7 сыныптардың ішінен 7б сыныбы 1-ші орынға ие болып, 7ә мен 7а 2-3ші орындарды өзара бөлісті. 6 сыныптарға пән мұғалімі Исетова Б.К сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен “Ынтымақты отбасы” атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. гран приге ие бооғсн Қуаныш А отбасы, 1ші орынға ие болған Алдонгаров Дотбасы,2-ші орынға ие болған Бейбит М отбасы, 3-ші орынды Шаймерденов Ж отбасы ұтып алды. Жоғары сынып оқушылары үшін IQ дода сайысы өтті, сайысқа 9-11 сынып оқушылары қатысып, 1-ші орынды 11 сынып оқушысы Нұрсұлтан М, 2-ші орынға 10-шы сынып оқушысы Зиядинова А, 3-ші орынды 11-ші сынып оқушысы Оспанова М иеленді. Жалпы онкүндікте өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға оқушылар белсене қатысып, соңында құттықтаулар мен марапаттауларға ие болды.