Қостанай қ., Бородин көшесі 138/1

sch28@kst-goo.kz

 

13.05.2021 күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясында білім алушылардың білім сапасын арттыру және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру іс-шаралары негізінде ашық сабақ өтті.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназия» КММ

Білім алушылардың білім сапасын арттыру және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру іс-шаралары негізінде ашық сабақ өткізу туралы есеп

13.05.2021 күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясында білім алушылардың білім сапасын арттыру және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды ұйымдастыру іс-шаралары негізінде ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа Қостанай қаласы білім бөлімінің Сырбай Мәуленов атындағы гимназия мұғалімдері шақырылды. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен кіріктірілген іс-шараны Шарипова К.К. және Шүкей Г.Н. мұғалімдері дуэт сабақ форматында жүргізді. Сабақта қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін оқытудағы цифрлық трансформацияны жүзеге асыру мақсатында цифрлық технологиялар кешенді қолданылды. Оқушылардың, мұғалімдердің өзара әрекеттестігін жүзеге асыруда коллаборативті оқыту жүйесі, бірлескен әрекеттестік құрылымы аса зор рөл атқарды. Сабақты ұйымдастыру бөлімі психологиялық ахуал туғызуға бағытталған аффирмациядан басталды. Әр топта бағалаушы эксперт тағайындалған соң, оқушылар түрлі тапсырмаларды орындалы. Эскперт алдын-ала ұсынылған бағалау критерийі мен дескрипторға сай өз бағалау кестесін толтырып отырды. Сабақ барысында “Миға шабуыл”, “Ой шақыру”, “Кейс-стади” әдістері ұтымды пайдаланылды. Оқушылар топтық жұмыс орындай отырып, көзделген оқу мақсаттарының барлығына қол жеткізді. Сабақ тақырыбын бекіту үшін оқушылар “Kahoot” викторинасынан өтті. Кері байланыс орнату бөлімінде “Блоб ағашы” әдісі пайдаланылды. Оқушылар стикерлерге өз ойларын жазып, ағаштағы кейіпкер санын таңдады. Сабақ барысында жоғары белсенділік танытқан оқушылар қосымша марапатқа ие болды. Қорытынды бөлім мұғалімнің мотивациялық қанатты сөзімен аяқталды.

0 комментариев
Inline Feedbacks
Пікірлерді көрсету