Брокираж комиссиясы кестеге сәйкес мектеп асханасында дайын өнім брокеражын мекеме медбикесімен бірге аралап,қарап тексеру жұмысы жүргізілді.
Қалалық білім бөлімінің 2020 жылғы 21 қазандағы «Қашықтықтан оқыту кезеңіне тегін ыстық тамақтың орнына әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балаларға құрғақ азық беру туралы» №308 бұйрығына сәйкес, 2020-2021 оқу жылының қыркүйек-желтоқсан айларында әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалар құрғақ азықпен қамтамасыз етілді. Қыркүйек-қазан айларында – 44 оқушы: олардың ішінде 33 оқушы аз қамтылған отбасынан, табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасынан – 9 оқушы және басқа санаттағы (Қамқоршылық кеңестің 20.10.2020 ж. №2 хатт. шешімі) – 2 оқушы қамтамасыз етілді.
Қараша желтоқсан айларында – 45 оқушы: олардың 33-і аз қамтылған отбасынан, 10 оқушы – табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасынан және басқа санаттағы (Қамқоршылық кеңестің 20.10.2020 ж. №2 хатт. шешімі) – 2 оқушы қамтамасыз етілді.