«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы» ММ 1, 5 гимназия сыныптарына, 5 сынып Жас сарбаз сыныбына қабылдау тәртібі
- Таңдау байқауына қатысушыларды тіркеу ағымдағы жылдың 01 маусымынан 14 маусым аралығында жүргізіледі (карантин жағдайына байланысты үміткерлердің өтініштері мен құжаттары 28mkabyldau@mail.ru электронды почтасы және 87779003627 WhatsApp арқылы қабылданады).
- Қабылдау емтихандары ағымдағы жылдың 15-17 маусым аралығында болады.
-15 маусым күні 1 гимназия сыныбына қабылдау емтиханы
-16 маусым күні 5 гимназия сыныбына қабылдау емтиханы
-17 маусым күні «Жас сарбаз » сыныбына қабылдау емтиханы
- Нәтиже ағымдағы жылдың 22 маусымда хабарланады.
- Тестілеу қорытындысы бойынша апелляция ата-аналар тарапынан нәтиже қорытындысы шыққаннан кейін сағат 14.00-ге дейін беріледі.
2020-2021 оқу жылында 1,5 гимназия сыныптарына, 5 «Жас сарбаз» сыныбына көрсетілген мерзімнен қалып қойған талап білдірушілер үшін шілде, тамыз айларында қабылдау ережесіне сәйкес өтініштері қабылданады.
2. Конкурстық іріктеу тестілеуін өткізудің шарттары
1-гимназиялық сыныбына қабылдауды бастауыш сынып мұғалімі, логопед және психолог мамандары жүргізеді. Үміткерлердің гимназиялық сыныбына қабылдануы үшін тілінің дамуы, танымдық қабілеттері мен оқу, жазу, есептей алу дағдыларының дамуын анықтайтын тапсырмалар алынады.
5-сыныпқа конкурстық іріктеудің кешенді тестілеуі №28 мектеп-гимназия базасында екі күн ішінде жазбаша тестілеу және жеке әңгімелесу форматында өткізіледі.
5-сыныптарға «Жас сарбаз» сыныптарына конкурстық іріктеудің кешенді тестілеуі №28 мектеп-гимназия базасында екі күн ішінде жазбаша тестілеу, психологиялық диагностика және Президенттік тест бойынша (4 сыныптарға арналған ) нормативтерд і тапсыру түрінде өткізіледі.
Үміткерлер мектепке белгіленген уақытта рұқсатнамамен, қара сиялы қаламмен келу керек, өзімен бірге жапсырмасы жоқ бір бөтелке су алып кіруге болады.
Тіркелуге кешігіп келген үміткер тест тапсыруға жіберілмейді. Тестілеудің бірінші күніне қатыспаған үміткер екінші күнгі тестілеуге жіберілмейді.
Үміткерлерге тестті орындау үшін видеонұсқаулық жүргізіледі, нұсқаулықтың мәтіні емтихан материалдарында қайталанып жазылады.
3.Тестілеудің мазмұны.
1 сыныпқа құжат тапсырған үміткерге төмендегі бағыттар бойынша тапсырмалар беріледі:
Бағыттары | Тапсырмалар саны | Максималды ұпай саны | Орындау уақыты |
Танымдық | 7 | 9 | 10 |
Фонематикалық | 7 | 9 | 10 |
Оқу, жазу | 8 | 11 | 10 |
Есептей алу | 8 | 11 | 10 |
5 сыныпқа құжат тапсырған үміткер төмендегі пәндер бойынша тест тапсырады:
Пән | Тапсырмалар саны | Максималды ұпай саны | Тестілеу уақыты |
Математика | 20 | 25 | 30 |
Қазақ тілі | 20 | 25 | 30 |
Ағылшын тілі | 20 | 25 | 30 |
Орыс тілі | 20 | 25 | 30 |
«Жас сарбаз» сыныптарына құжат тапсырған үміткер төмендегі пәндер бойынша тест тапсырады:
Пән | Тапсырмалар саны | Максималды ұпай саны | Тестілеу уақыты |
Математика | 20 | 25 | 30 |
Қазақ тілі | 20 | 25 | 30 |
Қоғамдық білім негізі | 20 | 25 | 30 |
-Президенттік тест бойынша нормативтерті тапсыру (спорттық киімде болуы шарт).
-Жантанушымен диагностика
4. Жауап парақтарын толтыру
5- сыныпқа қабылданатын әрбір үміткер:
- тесттің атауы мен нұсқасы,
- үміткер құжаттарын тапсырған мектебінің нөмірі
- жынысы
- тестілеу күні көрсетілген тестілеудің жауап парағын алады.
-жауап парағының үміткер өзінің қолын қою керек.
Қол қойылмаған жауап парағы ЖАРАМСЫЗ болып табылатынына назар аударыңыз!
Тестілеу басталғанға дейін үміткерлер жауап парағын толтыру ережесімен танысады:
- 5.Тестілеу кезіндегі үміткерлердің тәртіп ережесі Конкурс кезінде Үміткерге тыйым салынады:
- тест кітапшаларымен алмасуға, көшіруге;
- шпаргалка, ақпараттық-анықтамалық әдебиет, сөздіктер, сызғыштар, қаламсауыттар, сондай-ақ тағы басқа ақпараттық-анықтамалық құралдарды өзімен бірге алуға/пайдалануға;
- ұялы телефондар, смарт сағаттар, калькуляторлар және тағы басқа ақпараттықесептегіш құрылғыларды өзімен бірге алуға/қолдануға;
- уақыт аяқталғаннан кейін жауап парағын толтыруға, жауап парағын, тест жинағын аудиториядан алып шығуға;
Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған жағдайда комиссия Төрағасы тест координаторымен бірлесе үміткердің көзінше акт жасайды және үміткерді тестілеу аудиториясынан шығарады. Сонымен қатар тестілеудің нәтижелері жойылады.
Сондай-ақ Үміткерге:
- аудиториядан рұқсатсыз және жалғыз шығуға, басқа үміткерлермен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға;
- жауап парақтарын қара сиялы қаламсаптан басқа гелді және басқа сияның түрлерімен толтыруға, қарындаштар мен түзетуші сұйықтықты пайдалануға тыйым салынады;
- бір тапсырмада екі немесе одан да көп жауапты бояуға, жауапты толық боямауға (толық боялмаған немесе бір тапсырмада бір жауаптан артық боялған жағдайда жауап есептелмейді);
- жауап парақтарында жауаптарды сызуға, жауап парақтарын былғауға, бүктеуге, жыртуға, жауап парағын шимай қағазы ретінде пайдалануға, жауап парағында тиісті секторлардан басқа бос орындарға жазуға болмайды;
- 5)рұқсатнаманы шимай қағазы ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
6. Конкурс нәтижесі
Мектептің мекен-жайы: Қостанай қаласы, Бородина көшесі 138/1
Электронды почта: 28mkabyldau@mail.ru
Мектеп сайты: https://kst28mg.kz/
Байланыс телефоны: 87779003627 - 5 гимназия сыныбына өтініш үлгісі
5 “Жас сарбаз” сыныбына өтініш үлгісі
Қабылдау тәртібінің электронды нұсқасымен танысу