Мектебімізде 5-11 сынып ата-аналарына арналған “Суицидалды мінез-құлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу” атты өзекті тақырыпта жиналыс өтті. Жиналысты мектеп директоры Казиева А.А. ашты. Ол ата-аналарды білім бөлімінің бұйрығымен таныстырды. Мектебіміздің жантанушысы Сыздыкова Д.Б. өз тарапынан тақырыпқа қатысты ақпараттармен бөлісті. Альмагамбетова Я. Р. ата-аналарды сергіту мақсатында шағын тренинг өткізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайырбек Т.Б. қазіргі таңда белең алып келе жатқан снюс секілді никотині бар заттар туралы ақпаратпен бөлісті. Ата-аналар белсенді болып, сұрақтар қойды. Жиналыс өз деңгейінде жақсы өтті.