16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай біздің мектебіміздің оқушылары «Жас ұлан », «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиынына қатысты. Бұл ұйымның мақсаты – өскелең жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға, қазақ халқының салт – дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен ертеңін, отанның тарихын білуге, білімге деген құштарлықтарын шыңдау болып табылады. Жиын барысында оқушылар білімге табандылықпен ұмтылуға, ата-аналарын қадірлеуге, табиғатты аялауға, өз отанын құрметтеуге және оны өз достарынан талап ететініне ант берді. Сонымен қатар, оқушылар мектептің ұланбасын сайлады. Ол – 10 «Ә» сынып оқушысы Тактарбекова Айым. Алдағы уақытта ұйымның қатары жаңа оқушылармен толығады деген сенімдеміз.